14:54, 21 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Павлодарда джинсы киген оқушыға ескерту жасаған мектеп директоры сөгіс алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда джинсы киген оқушыға ескерту жасаған мектеп директоры сөгіс алды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасында оқушыға ескерту жасаған мектеп директорына қатысты қандай шара қолданылғаны белгілі болды,
«Осы жағдай болғаннан кейін мектеп директоры сөгіс алды. Оқушының ата-анасының оқу орнына қарсы шағымы жоқ. Қыздың жағдайы жақсы. Болған жағдайдан кейін барлығын түсінді, яғни мектепке сай киім кию керек екені туралы ой түйді», - деді ведомствода.
Еске сала кетейік, Facebooк әлеуметтік желісінде мектеп директорының футболка мен джинсы киіп келгені үшін оқушыға жұрттың алдында ескерту жасағаны туралы жазған болатын.