14:46, 13 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Павлодарда екі «Тойота» соқтығысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Теплов - Павлодардағы Екінші Советов көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бүгін таңертең Теплов - Екінші Советов көшелерінің қиылысында Toyota Land Сruiser және Toyota Gaia көліктері соқтығысты. Жарақаттанған жолаушылардың біріне медициналық көмек көрсетілді. Аталмыш факті бойынша сараптама тағайындалды», - деді департаментте.
Айта кетерлігі, бұл қиылыста осымен үшінші жол-көлік оқиғасы болып отыр.