Павлодарда екі жыл қатарынан бір күнде үшемдер дүниеге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында ақпан айында екі үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева мәлім етті. 

Павлодарда екі жыл қатарынан бір күнде үшемдер дүниеге келді

«24 ақпан күні 35 жастағы ана екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді. Салмақтары - екі келіге жуық. Бірақ ешқандай жансақтау шаралары қажет болмады. Қазір олар перзентханада. Сондай-ақ, тағы да бір ана үш баланы дүниеге әкелді», - деді баспасөз хатшысы.
Бір қызығы, осыдан тура бір жыл бұрын 24 ақпанда да Павлодарда үшем дүниеге келген . Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, биылғы жылы перзентханада орталықта 800 бала туған. 17 ана егіз баланы дүниеге әкелсе, екеуі үшемнің анасы атанды.