Павлодарда электр желілеріндегі апаттық өшіруді 40%-ға азайту көзделіп отыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысында электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп жатыр. Жол картасын іске асыру 80 елді мекенге немесе 98 мың тұтынушыға әсер ететін болады

электр желісі
Фото: Алматы әкімдігі

Желілердің тозуын азайту мақсатында жыл сайын облыстың энергия беруші кәсіпорындары электр желілерін қайта жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын атқарып келеді. Қосалқы станциялардың электр жабдықтары бойынша инвестициялық іс-шаралар да жыл сайын жүргізіледі.

Алайда, бұл жеткіліксіз. Жоспарлы жөндеу шаралары тозу көрсеткішін қуып жете алмай отыр.

Өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан хабарлағандай, Павлодар облысының электрмен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп жатыр.

«Жол картасын іске асыру 80 елді мекенге немесе 98 мың тұтынушыға әсер ететін болады. Оның нәтижесінде апаттық өшірулер саны 1042 жағдайға немесе 40% - ға азаяды», деп мәлімдеді басқармадан.

Еске сала кетейік, еліміздегі 3 өңірдің су энергетикалық әлеуеті зерттеледі.