Павлодарда еңбек басқармасының басшысы парамен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық еңбек басқармасының басшысы Е.Асқаровты парамен ұстады.

 Павлодарда еңбек басқармасының басшысы парамен ұсталды

Е.Асқаровтың қол астындағы қызметкерінің делдалдығымен «Павлодар жеңіл конструкциялар зауыты» ЖШС өкілінен кәсіпорын жұмысшысымен болған бақытсыз оқиғаға байланысты оң тұжырымдама беру үшін 1 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Е.Асқаров ұсталды және Павлодар қ. уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.