Павлодарда «Энтузиаст» бағбаншылығындағы саяжайлар өртеніп жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқапарат - Instagram-да Павлодардағы «Энтузиаст» бағбаншылығындағы саяжайларда өрт болған. Оқиға орнына өрт сөндіру техникасы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасында «Энтузиаст» бағбаншылығындағы саяжайларды өрт шалғаны туралы видео жарияланды.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі саяжайлардағы үйлер мен құрғақ шөп өртеніп жатқанын мәлім етті.
«Барлық күштер мен ресурстар осы аумаққа жұмылдырылды. Қанша саяжай, қанша үй, қай көшелер өртенгені анықталуда. Қосымша ақпарат беріледі. Өрт сөндірушілер үй иелерінен құрғақ ағаш пен қоқысты ашық жерде өртемеуді сұрайды», - деді департаментте.

ТЖД өрт сөндіру техникасы оқиға орнына сусыз келді деген әлеуметтік желі қолданушыларына да жауап берді.

«Барлық бау-бақша учаскелерінде департаментіміздің күштері мен құралдары түтін мен ошақтарды анықтау мақсатында кезекшілік атқаруда. Сол жерде екі қоңырау нөмірі жарияланды. Өрт сөндіру орнына автоцистерналар сусыз шықпайды. Қатты қысым болғандықтан, цистерналардағы су 7-10 минутта таусылады. Өрт сөндіру қызметіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп ескертеді ТЖД.

Бұған дейін департамент Павлодарда өрт қауіптілігі жоғары жазғы саяжай кезеңі басталғанын хабарлаған. Қала тұрғындарын қоқысты саяжайдан, ағаш ғимараттардан, қоршаулардан, екпелерден мүмкіндігінше алыс орнатып, тек темір бөшкеде өртеуге болатындығы туралы ескертілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Яблонка» бағбаншылығындағы тоғыз саяжай өртенген болатын.


Соңғы жаңалықтар