Павлодарда ер адам 16-қабаттан құлап кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ер адамның Павлодардағы тұрғын үйдің 16-қабатынан құлау фактісі бойынша полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Павлодарда ер адам 16-қабаттан құлап кетті

«1987 жылы туған жігіт. Қоңырау Кутузов көшесі, 52 мекенжайынан келіп түсті, - деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. - Биологиялық өлім, кататравма. Бесінші бригада барып келді».

Павлодар облысының ішкі істер департаменті осы трагедия фактісі бойынша полиция сот сараптамасын тағайындағанын айтты.

«Ол осы үйде отбасымен бірге тұрған», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі. - «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды».