Павлодарда ер адам дүкен кассасынан 800 мың теңгеге жуық қаражатты үптеп кеткен

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар полицейлері Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан ақша ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр.

сейф кража ұрлық
Фото: Kazinform

Н.Назарбаев даңғылындағы қалалық супермаркеттердің бірінде кассадан қомақты қаражат жоғалған. Полицейлер қылмыстық оқиғаны аз уақытта зерделеп, ақша ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады.

— Анықталғандай, ер адам дүкенге заңсыз кіріп, орталық кассадан 781 000 теңге сомасында ақша ұрлап кеткен. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам кінәсін мойындады. Оның өңір аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ұсталған адам Павлодардағы уақытша қамау орнына орналастырылды, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Екібастұзда екі студент тапсырыс жеткізіп берген курьерді тонап кетті.

Соңғы жаңалықтар