Павлодарда ер адам тоғыз қабатты үйден құлап, қаза тапты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында тұрғын Жаяу Мұса көшесі, 7Б мекен-жайындағы тоғыз қабатты үйден құлап көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Алмас Мекішев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда ер адам тоғыз қабатты үйден құлап, қаза тапты

«Кеше сағат 16:49-да станцияға шақыру түсті», - деді Алмас Мекішев. - 16:52-де бригада оқиға орнында болды. Көз жұмған - ер адам.   Өте биіктен құлаған. Барлық сүйектері сынғандықтан оқиға орнында жан тапсырды».

 Алмас Мекішевтің айтуынша, ер адамның кім екені, нешінші қабаттан құлағаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы тиісті органдармен анықталуда.

Фото: pavlodarnews.kz