Павлодарда ер адамды тоқ соғып, мерт болды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда ер адамды тоқ соғып, қаза тапты. Қайғылы жағдай қаладағы ЖШС аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, экструдерші оқиға салдарынан көз жұмған.
- 7 шілде күні сағат 13.54-те 38 жастағы ЖШС экструдершісі трансформаторда жұмыс істеген кезде тоқ соққан. Сараптама тағайындалды, - дейді департаментте.