Павлодарда ертең көктайғақ болып, 28 метрге дейін екпінді жел тұрады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — «Қазгидромет» мамандары Павлодар облысында 21 қазанда ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті. Өңірде жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

көктайғақ
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ертең өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Ал облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Павлодар қаласында да жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, қалада түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус шамасында болады.

Бұған дейін Абай облысының полициясы ескерту жасаған болатын.