Павлодарда Ertis Promenade маусымы ашылады

Павлодарда Ertis Promenade маусымы ашылады
Фото: Константин Шелков

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ertis Promenade сахнасының ашылуына орай тұрғындар арасында жеке ән орындаудан байқау өткізіледі. Үздік шыққандар негізгі концертте өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімдігінен хабарлады.

Ertis Promenade – Ертіс өзенінің жағалауында, ашық далада орналасқан сахна. Жаз мезгілінің әр сенбісінде бұл жерде отандық өнер жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар ән салып, көпшілікке қуаныш сыйласа, жексенбі күндері отандық фильмдер көрсетіледі. Концерттер мен кинокөрсетілімдердің барлығы тегін, ұйымдастыру шығындарын жергілікті демеушілер көтеріп келеді. 

Павлодарда Ertis Promenade маусымы ашылады
Фото: Константин Шелков

«Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары асыға күтетін Ertis promenade сахнасының маусымашарында әдеттегідей халық көп болады деп жоспарланып отыр. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі талантты тұрғындар арасында «Караоке PVL» байқауын өткізеді. Байқауда жасы 18-ге толған кез келген азамат өнер көрсете алады. Іріктеуден өткендер 18 мамыр күні бас сахнадағы концертке қатысады», - деп мәлімдеді қалалық әкімдіктен.

Соңғы жаңалықтар