Павлодарда Ертіс-Успен каналының құрылысы биыл күзге дейін аяқталуы керек

Вновь превысил опасную отметку уровень воды в Кушумском канале в ЗКО
Фото: Ғайсағали Сейтақ

ПАВЛОДАР. KAZINFORM -Жаңа каналдың арқасында 10 мың гектар жерді суаруға болады. Нәтижесінде жылына қосымша 500 мың тонна ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру мүмкіндігі бар.

Ертіс-Успен каналының құрылысы кеңес заманында қолға алынып, кейін тоқтап қалған. Ұзақ жылдар тұрып қалуына байланысты оның түбіне шөп өсіп, салынған бетон плиталарын ел-жұрт таратып алып кеткен. 2020 жылы су құрылысы қайтадан қолға алынды. Жоба бойынша каналдың ұзындығы - 13 шақырым. Бірақ құрылыс жұмыстары соңғы екі жылда саябырлап қалған

Павлодар облысының әкімдігінен хабарлағандай, Ертіс-Успен су арнасының құрылысы биылғы жылдың қараша айында толық тапсырылуы керек. Қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Каналда жаңадан су сорғы стансасы мен жасанды су жинағыыштар салынады деп жоспарланған. Нысан толықтай іске қосылса, 10 мың гектар жерді суармалы алқаптарға айналдыруға болады. Шаруашылықтар оның нәтижесінде 500 мың тонна ауыл шаруашылық дақылдарын өсіре алады.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың сөзінше, қазіргі уақытта өңір аумағында 169,5 мың гектар суарылатын жер бар. Іс жүзінде бұл аумақтың тек 72 мың гектары ғана суарылады. Келешекте облыста жалпы көлемі 300 мың гектарды жерді суармалы алқапқа айналдыру жоспары тұр.

Еске сала кетейік, былтыр Павлодар облысында 6 жоба жүзеге асып, жаңадан 3,3 мың гектар іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар