Павлодарда есік қоңырауынан өрт шығып, жасөспірім ауруханаға түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодардағы тоғызқабатты үйлердің бірінде есіктегі қоңыраудан өрт шығып, түтінге уланған жасөспірім қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодарда есік қоңырауынан өрт шығып, жасөспірім ауруханаға түсті

«27 наурыз күні сағат 12:13-те Павлодардағы Бекхожин көшесінде орналасқан бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше сөндірілді. Сағат 14:30-да облыстық ауруханаға 14 жастағы қыз бала жеткізілді, жасөспірім жеңіл түрде иіс тию диагнозымен ауруханаға жатқызылды»,-деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мамандарының айтуынша, өртке электр желілерінің қысқа тұйықталуы себеп болған.

Фото: svopi.ru