Павлодарда есірткі притоны жойылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі притонын жойды. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғыны «есірткіні бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз үйін жүйелі түрде берді» деген күдікке ілінген. Тінту іс-шаралары барысында жедел қызметкерлер шприцтерді, бос құтыларды, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркіледі.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.



Соңғы жаңалықтар