Павлодарда этнофестиваль басталды

ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облыстық этномәдениет бірлестігінің жастар хор ұжымы Ертіс жағасындағы қаланың Достық үйінде «20 жыл. Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты Қазақстан халқы мәдениеті мен өнерінің XIII фестивалін ашты.
None
None

Екі жылдан кейін атап өтілетін еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекеде алғаш болып 2008 жылғы жеңімпаз - Успен ауданының өнерпаз әртістері өнер көрсетті.

«Достық, ынтымақтастық, бірлік - Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық мәдени орталықтарының орындайтын басты міндеті. Өткен жылғы фестивалға 900 ұжым мен оындаушылар қатысып 20 тілде өнер көрсетті», - деді облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова.

Соңғы жаңалықтар