Павлодарда героин тасымалдаушы 17 жылға сотталды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облыстық соты есірткі тасымалдаушы Ресей азаматын, Тәжікстанның бұрынғы тұрғынын дүние-мүлкін тәркілеп,
17 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесті.
Мамыр айында «Қосақ» кеден бекетінде әлгі азаматтың көлігінің қос қапталынан салмағы 3 959 грамды құрайтын героин салынған 41 түйіншек табылған болатын. Есірткі заты иісшіл иттің көмегімен табылып еді.
Судья Бердігүл Тиштыбаева атап көрсеткендей, үкімді шығарарда қылмыстың ауырлығы ескерілді.