Павлодарда хор музыкасының фестивалі ашылды

  АЛМАТЫ. Желтоқсанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Павлодарда хор музыкасынан республикалық фестиваль ашылды,
None
None

       деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның  Музыкалық қайраткерлер одағына сілтеме жасап.

         Шараны Қазақстанның музыкалық қайраткерлер одағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Павлодар облыстық  білім беру басқармасының қолдауымен өткізіп отыр.Фестивальға еліміздің барлық аймағынан 30 хор ұжымы қатысуда. Олардың қатарында кәсіби, балалар, халықтық хор ұжымдары бар. Оларды КСРО халық әртісі, профессор Анатолий Молодов, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Базарғали Жаманбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік хор капелласының көркемдік жетекшісі Бейімбет Демеуов бастаған әділқазылар бағалайтын болады.Фестиваль аясында жас хормейстерлер мен қазылар алқасының шеберлік сыныптары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар