Павлодарда инвесторлар электр қуаты үшін жоғары тарифпен ақы төлеп келген

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Прокурорлар жергілікті монополист компания электр энергиясы үшін инвесторлардан қымбат ақы алып келгенін анықтады.

Инфляция 10-11% шегінде: коммуналдық қызметтерге тарифтер тұрақты болып қалады
Фото: Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Павлодар қаласының прокурорлары 20 кәсіпорынға қатысты электр энергиясына тарифтерді қолдану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.

- Бұл инвесторлар шын мәнінде өңір экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салған. Талдау көрсеткендей, монополист кәсіпорындардан жеңілдікті қолданбай жалпы тариф бойынша ақы алған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша инвесторларға жеңілдік тарифі белгіленді, бұл электр энергиясының құнын төмендетуге мүмкіндік берді, - деп хабарлады өңірлік прокуратурадан.

Қабылданған іс-шаралар «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы кәсіпорындардың шығындарын қысқартқан және өңірде инвестициялық қызметті жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қалыптастыруға ықпал еткен.

Еске сала кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілеріне арналған тариф жыл соңына дейін өспейді.

 

Соңғы жаңалықтар