15:23, 20 Ақпан 2024 | GMT +5
Павлодарда Израиль азаматы қамауға алынды
АСТАНА. KAZINFORM - Павлодарда Израиль азаматы 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.
Полицейлер Қазақстанда тұруға рұқсаты бар Израиль азаматының мас күйінде автокөлікті жүргізу фактісінің жолын кесті. Жүргізуші Павлодарға "Rally-2024"спорттық шоуына қатысу үшін келген.
Күдікті мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші жазаланады. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.