Павлодарда КамАЗ карьерге құлап, екі адам қаза болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жүк көлігінің жүргізушісі оны бір фирманың аумағында артқа қарай жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда КамАЗ карьерге құлап, екі адам қаза болды

«5 қараша күні сағат 08.00-де Павлодарда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында «КамАЗ» автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі жұмыстан тыс уақытта артқа жүргізу кезінде көлікті карьерге (тереңдігі - алты-жеті метр) аударып алған» деп хабарлады журналистерге Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға салдарынан көлік жүргізушісі мен ішіндегі жолаушы мерт болды.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүріп жатыр» деп атап өтті ведомство өкілдері.