Павлодарда «Қамқорлық» айлығы басталды

ПАВЛОДАР. Наурыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, Наурыз мейрамы күні, Павлодарда «Қамқорлық» айлығы басталды,

Павлодарда «Қамқорлық»  айлығы басталды

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Ізгілік пен қайырымдылық айында аға буын өкілдеріне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше қамқорлық көрсетіледі. Оларға материалдық көмектен басқа, пәтерлері мен аулаларын жинауға, баспаналарын жөндеуге, отын жеткізуге көмектер көрсетіледі.

Қайырымдылық шараларға павлодарлық жастар ұйымдары, тимуршылар жасақтары, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылығы белсенді атсалысады.