Павлодарда қарағайды заңсыз сатқандар анықталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Браконьерлер заңсыз кескен әр жас шырша мен қарағайға 38 мың теңгеден төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда қарағайды заңсыз сатқандар анықталды

«Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясы» мамандарымен бірлесіп өткізген рейд кезінде полицейлер белгіленбеген жерде заңсыз қарағай саудалаған 11 фактіні анықтады. Құқықбұзушылар «Белгіленбеген жерде сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, рұқсатсыз кесіп алған әр шырша немесе қарағайға броконьерлер орташа есеппен 38 мың теңге төлейді.

«Бірнеше жылдан бері біздің аймақта, оның ішінде Шалдай қарағайлы орманын отап, оларды облыстағы жергілікті пункттерде сатуға тыйым салынған», - деді департаменттегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 17-31 желтоқсан аралығында Павлодар облысының полицейлері орман қорғаушы мекемелермен бірігіп «Шырша» жедел профилактикалық шарасын өткізуде.

Авторы Антон Гагарин