Павлодарда қарамағындағы қызметкер жемқорлыққа жол берген басшы жауапқа тартылды

вывод активов
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің талабы бойынша Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару басқармасының басшысы қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Каzinform агенттігі.

Оның қарамағындағы қызметкер жалпы қамқорлық үшін 50 мың теңге көлемінде пара алып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны анықталды.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуы тиіс.

Биылғы жылы аймақта ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 200-бабы бойынша барлығы 30 ұсыныс түскен. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 45 адам - тәртіптік жауапкершілікке тартылды (4 адамға ескерту, 12 адамға сөгіс, 14 адамға қатаң сөгіс, 9 адамға қызметтік міндеттерін толық орындамағаны туралы ескерту, 2 адам босатылды, 4 адам жұмыстан шығарылды).

Соңғы жаңалықтар