Павлодарда кардиоорталықта бюджет қаражаты жымқырылған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Бұл факті Павлодар облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің аудиторлық тексеруі кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда кардиоорталықта бюджет қаражаты жымқырылған

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті 24 қаңтарда Павлодар облыстық кардиология орталығының құрал-жабдығын пайдалануға беруге бөлінген бюджеттің ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ЭТД-ден.

Сотқа дейінгі тергеуді тіркеуге Павлодар облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің аудиторлық тексеруі негіз болды.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деді ведомстводан.