11:05, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Павлодарда кәріз құдығында 2 адам жанып кетті
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодарда кәріз құдығының ішінде 2 адам жанып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 7 желтоқсан күні Павлодар қаласында Дүйсенбаев көшесінің бойында орналасқан жылу құдығында қоқыс өртенді.
Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт орнында 2 адамның денелері табылды (жеке тұлғалары анықталған жоқ).
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.