Павлодарда катодты мыс шығаратын өндіріс орны құрылып жатыр

Мыс
Фото: Pyxabay.com

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жобаны іске асыруға жеке компанияның есебінен 9,4 млрд теңге инвестиция құйылады. Жылына 5000 тонна катодты мыс шығарылады деген жоспар бар. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Мыс концентратын айырып алатын тау-кен кәсіпорнының байыту фабрикасы Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы Марғұлан ауылы маңында орналасқан.

«Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС компаниялар тобының басшылығымен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта «Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС «Коджанчад кен көріністері тобының» кен орындарынан катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салу» ірі инвестициялық жобасын іске асыруға кірісіп кетті. Инвестиция көлемі - 9,4 млрд теңге. Зауыт жылына 5000 тонна катодты мыс шығару қабілеті ие болады. Жаңа өндірісте 300 жұмыс орны ашылады», деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Зауыт
Фото: Валерий Бугаев

Тараптар 2024-2026 жылдарға көзделген инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерін талқылады. Бүгінгі таңда «KEGOC» АҚ-мен электр қуатымен қамтамасыз ететін желілерді салуға келіссөздер жүргізіліп, қосылуға техникалық шарттар алынған. Аталған жоба өңірдегі басымдыққа ие инвестициялық жобалар пулына енеді деген жоспар бар.

 

Соңғы жаңалықтар