Павлодарда қатты аязға байланысты жәрмеңке өткізілмейтін болды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қатты аязға байланысты дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Павлодарда қатты аязға байланысты жәрмеңке өткізілмейтін болды

«Қазгидрометтің» мәліметіне сүйенсек, Павлодар облысының аумағында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты 2019 жылғы 9 ақпанда өтетін жәрмеңке болмайды», - делінген әкімдіктің таратқан хабарламасында.

Еске сала кетейік, 6-7 ақпанның түнінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 34-42 градусқа дейін қатты аяз күтілуде, кей жерде сынап бағаны 45 градусқа дейін төмендейді.