Павлодарда қатты дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырын жұлып әкетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Облыс орталығында бірқатар нысандардың шатыры табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмай қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодарда қатты дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырын жұлып әкетті

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана көшесі, 143 мекенжайы бойынша «Дом печати» және Зеленстрой шағынауданындағы Дөнентаев көшесі, 3 мекенжайы бойынша жеке тұрғын үйдің шатырлары ұшып кеткен. - Әзірге басқа мекеме-ұйымдар мен аудандардан дауыл салдарынан зардап шеккені туралы хабарлама түспеді. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері мен техникалар оқиға орнына шығуда, - дейді департаментте.

Десе де, әлеуметтік желі қолданушылары қаланың басқа нүктелерінен де ұшып кеткен шатырлар түсірілген суреттер мен видеоларды жариялауда.
Әзірге дауыл салдарынан келтірілген шығын көлемі белгісіз.
Айта кетерлігі, «112» қызметі Павлодар облысында 2 тамыз күні желдің ұйытқуы секундына 15-28 метрге дейін жететіні туралы ескерткен болатын.