Павлодарда «Қазақша сөйлеу оңай!» тіл жобасы бастау алды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Даланың мәңгілік тілі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақша сөйлеу оңай!» тіл жобасы бастау алды. 
None
None

Жобаны негізгі іске асырушылар - Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КМК, облыстық ҚХА жастар бірлестігінің жастар ісін үйлестіру кеңесі және «Серпін іскерлері» қоғамдық өкілдері. Үйлестірушілердің айтуынша, негізгі мақсат  - жастарды ұлттық рухани зерделеу арқылы мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға, қазақ тілін меңгертуге және өмірде қолдануға бағыттау, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Аталмыш жобаға мемлекеттік тілді білмейтіндер мен «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерден тұратын жұпқа бөлінген 14-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Жұптар бірлесіп қарым-қатынас жасау арқылы қазақ тілін оңай меңгереді. - Мемлекеттік тілді үйрету арқылы қоғамдық келісімді және ұлтаралық бірлікті нығайтуға, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға жол ашылады. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді үйренудің жаңа форматтарын іздеу, үйрету әдіснамасының сапасын арттыру болып табылады, - дейді осы шараның модераторы, облыстық ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрайымы, республикалық ҚХА мүшесі Элина Паули.

 Жоба аясындағы кездесулер, тренингтер 2017 жылы 1 қараша - 2018 жығы 1 наурыз аралығына дейін жалғасады. Жоба қорытындысы бойынша келесі жылдың наурыз айында мемлекеттік тілді үйренушілер арасында сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталады. - Жоба тақырыбы өте қызықты, біздің мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты. Мемлекеттік тілді білу  - біздің азаматтық парызымыз және уақыттың талабы. Қазақ тілі өте бай және қазіргі кезде оны меңгеруге өте үлкен мүмкіндіктері бар. Меніңше, қазақ тілін білу, үйрену   орыс тілді жастардың рухани баюына жетелейді. Біз өз елінің патриоттары ретінде өз ана тілімізді дамуытымыз керек, - дейді тарих ғылымдарының докторы, С.Торайғыров ПМУ-ның ҚХА кафедраның меңгерушісі, профессор Сәуле Мамытова. 

Соңғы жаңалықтар