Павлодарда қазақша жетік білетін өзге ұлттың оқушылары өзара бақ сынасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы № 24 жалпы орта білім беру мектебінде өзге ұлт жастарының арасында «Әй, жарайсың!» қалалық дәстүрлі сайысы өткізіліп, 116 оқушы бақ сынады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

Павлодарда қазақша жетік білетін өзге ұлттың оқушылары өзара бақ сынасты

Сайысқа қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысқан. Мақсаты-тілдерді дамыту мен қолдануға арналған облыстық бағдарламасын жүзеге асыру; қазақ тілін жетік меңгерген мектеп оқушыларының деңгейін анықтау, тілді үйренуге ынталандыру. -

«Сайыс 2 кезең бойынша өтті. Іріктеу кезеңіне 27 мектеп командалары қатысып, финалға 18 мектеп командасының құрамында 116 оқушы қатысты. Сайыстың ақтық кезеңі 3 тапсырмадан тұрды. Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдеге Кенжекөл мектебінің «Кенжекөл ұландары» командасы жеңіп алды, І орынға № 24 орта мектебінің «Талапкер» командасы, ІІ орынды - №17 орта мектептің «Замандастар» командасы мен № 43 мектептің «Ажар» командасы иеленді. Ал, ІІІ орынды № 16 лицей-мектебінің «Сөзге шешен ұландар» мен № 28 мектептің «Жас қыран», № 30 орта мектептің «Сұңқар» командалары иеленді», - дейді ұйымдастырушылар. Сайысқа қала мектептерінің көпшілігі қатысуға ынта білдіріп, жоғары белсенділік танытты. Оқушылар қазақ тілін жетік меңгергендерін көрсетіп, қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне, қазақ жазушыларының, ғалымдарының, әйгілі тұлғаларының шығармашылығына қызығушылық танытатынын дәлелдеді.