Павлодарда қазба жұмысы кезінде қауіпсіздікті сақтамаған мердігерлерге айыппұл салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін жер қазу жұмысы кезінде жол жүру қауіпсіздігі ережесін бұзу, жұмысты уақтылы аяқтамау бойынша мердігерлерге 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге рейд жүргізу кезінде ТҮКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта шаһарда қазылған 20 учаскенің төртеуінде жол жүру қауіпсіздігі ережесі бұзылғандығы анықталды. Біріншісі, Назарбаев даңғылы бойымен Естай және Толстой көшелері аралығындағы бөлікте «Павлодар-Водоканал» ЖШС тапсырысы бойынша мердігер «West-СтройСервис» ЖШС су жүйесінің құбырларын ауыстыруда. Қазылған аумақтарға темір қоршаулар жеткілікті қойылмаған. Адамдар өтетін жерлер ашық қалған. Қызыл ала ленталар қоршау болып табылмайды. Оны адамдар үзіп кете береді. Талап бойынша темір қоршаулар қойылуы қажет»,- деді Темір Қасқабаев.
null

Сондай-ақ Назарбаев даңғылы, 89/2 мекенжайы бойынша аула ішінде су жүйесіне қатысты жұмыс жасалуда. Ол жерде де ереже сақталмаған. Аумақтарға жауапты мердігерлермен жергілікті полиция қызметі айналысатын болады. Ескерту жасалуы немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қала бойынша тағы электр кабельдерін төсеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан Малайсары батыр - Қамзин көшелерінің қиылысындағы қазылған жер және Гагарин көшесі бойымен Назарбаев даңғылы - Катаев көшесі аралығындағы асфальт төселіп жатқан аумақта жол жүру қауіпсіздігі ережесі бұзылған. Сонымен қатар, қысқы уақытта жұмысы аяқталмай қалған, көріктендіру жұмыстары қалыпқа келтірілмеген 169 учаске белгілі болды. Қалалық ТҮКШ бөлімі 19 учаске бойынша жауапты мекемелерге тиісті хат жолдаған.
null

Айта кетейік, аталған 4 учаскеде жол жүру қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы бойынша қалалық ТҮКШ бөлімі, жергілікті полиция қызметі және жол-техникалық инспекция бөлімі рейдтік шара өткізді.

Соңғы жаңалықтар