Павлодарда көктайғақ салдарынан қияр мен қызанақ қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы әлеуметтік дүкендерге көктайғақтың салдарынан көкөніс жеткізілмей қалуына байланысты кей жерлерде баға 10 пайыздан артық өскен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
None
None

Бүгін қалалық мәслихаттың депутаты Қобыланбек Қожин мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Асипов әлеуметтік дүкендердегі күнделікті баға мониторингін жасады.

«Қазіргі таңда баға өсімі жоқ. Тұрақтандыру қорында 20 тонна ақсулық қияр мен екібастұздық қызанақ бар. Көктайғақ орын алып, жолдардың жабылуы салдарынан бүгін тауар жеткізілмеді. Сол себепті, кейбір әлеуметтік дүкендерде баға өсімі байқалды. Бірақ көкөністер жеткізілген соң жергілікті қиярдың бір келісі 660 теңге болса, қызанақтың келісі 605 теңгеден аспайды», - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Арман Асипов..
null 

Жалпы, Павлодарда негізсіз баға көтерген дүкендер жоқ. Мұндай жағдай анықталса, «әлеуметтік» мәртебесінен айырылады.

Айта кетейік, тексеріс кезінде сатып алушылардың бірі «Кутузовский» әлеуметтік дүкенінде сатушының жұмыртқа бағасын 230-дан 210 теңгеге өзгерткенін байқаған.

Қалалық мәслихаттың депутаты Қобыланбек Қожин алдағы уақытта мәселенің мән-жайын анықтап, кәсіпкерлік бөлімімен негізсіз бағаны өзгерткен сатушыларды жауапқа тартатынын айтты. 

Соңғы жаңалықтар