Павлодарда көлігімен жас жігітті қағып өлтірген адамға іздеу жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Май ауданында белгісіз біреу көлігімен жас жігітті қағып өлтіріп, оқиға орнынан із суытқан. Қазіргі уақытта аталған жол-көлік оқиғасына қатысы бар белгісіз жүргізуші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Павлодар облыстық ІІД-нің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Павлодарда көлігімен жас жігітті қағып өлтірген адамға іздеу жарияланды

Павлодар облысы Май ауданының ІІБ жол-көлік оқиғасының куәгерлері болса хабар беруді сұрайды.

«2018 жылдың 1 қаңтарында сағат шамамен кешкі 20-00-дер кезінде Ленинский ауылы - Курчатов қаласы арасындағы жолдың 140-шы шақырымында Май ауданының Жұмыскер ауылына жақын маңда белгісіз жүргізуші анықталмаған көлікпен 24 жастағы жас жігітті қағып кеткен. Зардап шеккен Май ауданының Қаратерек ауылының тұрғыны келесі күні ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.