Павлодарда көлік апаты салдарынан 87 жастағы кейуана қаза тапты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында екі көлік қақтығысып, 87 жастағы кейуана мерт болды. Түрлі жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыс орталығындағы келеңсіз жағдай Аймауытов көшесі мен Камзин көшесінің қиылысында болған. Волга және Газель автокөлігінің қақтығысының салдарынан 1934 жылы туған әйел қаза тапты. Ал 1958 және 1994 жылғы ер адамдар түрлі дене жарақаттарымен Павлодар қаласындағы бірінші ауруханаға жеткізілді.
- Оқыс оқиға орын алған жерге «жедел жәрдем» қызметі шақырту түскеннен кейін 4 минут ішінде барды. Мамандар 87 жастағы кейуананың сол жерде көз жұмғаынын растады. Ал екі ер адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, - деді облыстық жедел жәрдем станциясы.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 63 және 27 жастағы екі павлодарлық зардап шеккен. Оларға жабық ми жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде тұсының ауырсынуы бойынша диагноз қойылды.