Павлодарда көлік қаққан жаяу жүргінші қаза тапты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Жол-көлік оқиғасы қаладағы Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы әйел адамның қаза тапқанын анықтаған. - Назарбаев даңғылы, 200 үйдің маңында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем 4 минуттың ішінде жетті. Өкінішке орай, оқиға орнына келгенде бригада жаяу жүргіншінің биологиялық өлімін анықтады, - деді басқармада.
Әйелдің жасы 60 шамасында. Ол алған жарақаттарынан көз жұмған. Оқиға орны түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Жазбада әйел адамның денесі жаяу жүргіншілер жолағынан бірнеше метр қашықтықта жатқаны байқалады.