Павлодарда көлік жүргізушісі рөлде отырып кино көрген

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Полиция көлік басқарып келе жатып телефоннан фильм көріп отырған такси жүргізушісіне айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодарда көлік жүргізушісі рөлде отырып кино көрген

Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 591-бап, бірінші тармағы - «Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік іс қозғады.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Kolesa_pavlodara» Instagram парақшасында 13 қаңтар күні 003 бағытындағы такси жүргізушісі көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланып фильм көргені туралы материал жарияланған.

«Жүргізушіге 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деді тәртіп сақшылары.