Павлодарда көп қабатты үйден өрт шығып, 47 адам эвакуацияланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласында көп қабатты үйдегі пәтерде ағаш құрылғылар жанған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодарда көп қабатты үйден өрт шығып, 47 адам эвакуацияланды

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.
- 28 тамыз күні сағат 01:24-те Павлодар қаласы, Академик Бектұров көшесі, 111 мекенжайында бес қабатты үйде өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Бірінші қабаттағы пәтерде үй заттары, жиһаздар, терезенің ағаш жақтаулары отқа оранған. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 02:06-да сөндірілді, - деді баспасөз қызметінде.

ТЖД қызметкерлері подъезден 47 адам, оның ішінде 7 баланы эвакуациялаған. Оқиға орнына 17 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
- Зардап шеккен адамдар жоқ. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр, - деді департаментте.