Павлодарда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Короленко көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды.

Павлодарда көпқабатты үйден шыққан өрттен 15 адам құтқарылды

 Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Гаухар Сыздықова айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

  «Өрт туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 08.04-те түскен», - дейді Гаухар Сыздықова. - Оқиға орнында  департаменттен бір бөлім жұмыс істеді. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде толығымен сөндірілді. 15 адам саты арқылы өздері сыртқа шыққан болса, үш адамды  құтқарушылар алып шыққан. Қызыл жалын бір бөлмелі пәтердің төрт шаршы метр аумағын шарпыған».  

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өртің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.