Павлодарда коронавирустан 1 адам көз жұмды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 1961 жылғы әйел адам.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстанда COVID-19 кесірінен барлығы 68 адам қайтыс болды.