20:26, 20 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Павлодарда көрші тұрған екі үй өртенді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өртті 27 қызметкер мен 6 техника сөндірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Нариман Мурсалиев хабарлағандай, өрт болған жерден үш тұрмыстық газ баллоны шығарылды.
«20 қыркүйекте сағат 15:18-де «101» пультіне Генерал Дүйсенов көшесі, 290 және 292 мекенжайындағы екі жеке тұрғын үйдің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті, - деді Нариман Мурсалиев. - 150 шаршы метрден жақын орналасқан екі үйдің шатыры ашық жалынмен жанып кетті. 16:03-те сөндірілді».
Үйлердің шатыры мен бір шаруашылық құрылысы бүлінген.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.