Павлодарда көшеде мылтық асынып жүрген жасөспірім ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар полициясы көшеде мылтық асынып жүрген жасөспірімді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда көшеде мылтық асынып жүрген жасөспірім ұсталды

29 желтоқсанда түнгі сағат 02:52-де Павлодар қаласы Торайғыров көшесінің бойында патрульдік полиция батальонының инспекторлары 17 жасар жігітті ұстады. Одан МЦ-21-12 тегіс ұңғылы, бір ұңғылы, бес оқпанды мылтық тәркіленді. Бұл ретте мылтық қапталмаған түрде болды. Кәмелетке толмаған жігіттің жанында әкесі болды. Ол орташа мас күйде еді, мастығы медициналық түрде дәлелденді.

Анықталғандай, тәркіленген қарудың иесі – жасөспірімнің әкесі. Оның атына ИЖ-58 тағы бір мылтық тіркелген.

– Осы факт бойынша 46 жастағы қару иесіне қатысты қаруды алып жүру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Қолда бар екі қару иесінен тәркіленді. Сондай-ақ иесінің азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылды. Сонымен қатар қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін ер адам жауапкершілікке тартылып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция жыл басынан бері құқықтық 10781 азаматтық қару иесін тексерді. Нәтижелері бойынша 693 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түрлі заң бұзушылықтарға жол берген 13 қару иесінің рұқсаты жойылды.

Фото: polisia.kz