Павлодарда курьер 1,6 келі есірткімен ұсталды

Атырауда есірткі сатқан 3 шетелдік 10 жылға сотталды
Фото: Polisia.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Тәртіп сақшылары одан жалпы салмағы 1,6 килограм синтетикалық препараттарды тәркіледі. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өңірлік полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласының аумағында тыйым салынған заттардың заңсыз таралуы туралы жедел ақпарат алған. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, есірткі тасымалдап жүрген 28 жастағы тұрғынды анықтады.

«Жедел уәкілдер қаскүнемді «қаптаманы» салып жатқан кезде ұстады. Ол танымал мессенджердегі интернет-дүкеннің курьері екені анықталды. Тексеру барысында жедел уәкілдер одан тыйым салынған заттардың орналасқан жері туралы ақпараты бар ұялы телефонды алып қойды. Сонымен қатар, жалпы салмағы 1,6 килограмнан асатын синтетикалық препараттары бар 18 конволюция мен 4 пластикалық контейнерді, сондай-ақ құрамында есірткі бар 189 таблетканы тәркіледі», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, Жыл басынан бері есірткі таратқан 19 жасөспірім ұсталды.

Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram