Павлодарда құрылысы бес жылға созылып келген тұрғын үйлер пайдалануға берілді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Әуежай қалашығы ауданындағы бұл нысандар антикордың бақылауына алынған. Құрылысына бюджеттен 755 млн теңге жұмсалды.

үй
Фото: Павлодар облысының жемқорлықпен күрес қызметі

Бұл туралы өңірлік антикор қызметінен хабарлады.

«Павлодар қаласында 5 жылдық «тарихы» бар құрылыс нысаны пайдалануға берілді. Бұл әуежай қалашығындағы «2 және 4 типті» авиақаладағы бір пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы. Олардың құрылысына бюджеттен шамамен 755 млн теңге бөлінді. Бүгінде антикор қызметінің бақылауында 3 нысан қалып отыр. Олар - Ақсу қаласындағы жылыту қазандығы мен 9 қабатты тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ Баянауыл ауданы Жұмат Шанин ауылындағы су құбыры жобасы. Аталған жобалар аяқталу сатысында», деп мәлімдеді антикор қызметінен.

Былтыр антикор мамандары Павлодар облысы бойынша құрылысы ұзаққа созылған 10 нысанды бақылауына алған. Олардың 7-еуі бүгінде аяқталды.

үй
Фото: Павлодар облысының жемқорлықпен күрес қызметі

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы 5 құрылыс антикордың жіті назарында екенін хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар