Павлодарда құрылыс алаңындағы көтергіш кран құлады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда құрылыс алаңында құлаған көтергіш кран Lada Priora көлігін басып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда құрылыс алаңындағы көтергіш кран құлады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше қалада болған.
- Павлодарда Естай көшесі мен Больничный тұйық көшесінің қиылысында жеке ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында шынжыр табанды кран электр беру желісіне аударылды, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй электр желісінен ажыратылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Қалалық электр желілері кәсіпорны»ЖШС жүргізді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.