Павлодарда қыздың ізінен аңдып жүріп кірпішпен ұрған жігіт қамауға алынды
«Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында бұл ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүріп жатыр. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын.
Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде өзін кірпішпен ұрған белгісіз адамға шара қолдануды сұрады.
Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан жедел іздестіру шаралары барысында полиция күдіктінің аты-жөнін анықтады.