Павлодарда мас әйел бесінші қабаттағы балконнан құлап кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда бесінші қабаттағы балконнан құлап кеткен мас әйел аман қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 7 маусым күні сағат 07.10-да Толстой көшесінде орын алған.
- 47 жастағы әйел пәтерде мас күйінде болған. 5 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан құлап кеткен, - дейді департаментте.


Соңғы жаңалықтар