13:00, 19 Қыркүйек 2023 | GMT +6
Павлодарда мас болып көлік жүргізген мектеп директоры 15 күнге қамалды

Іс материалдарынан 2023 жылдың 15 қыркүйегінде ауыл мектебінің директоры көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сот отырысында құқық бұзушы сол күні алкоголь ішімдік ішпегенін түсіндіріп, кінәсін мойындамады. Жүргізушінің соттағы сөздерін сот-медициналық сараптама қорытындысы, шенеуніктің түсініктемесі және полицей төсбелгісіндегі бейнежазба жоққа шығарды» деп хабарлады Павлодар қалалық әкімшілік мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.
Ол 15 тәулікке қамау және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.