Павлодарда МАЗ кранын мас күйінде айдап кеткен жүргізуші ұсталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда 8 сәуір күні таңғы сағат 5.30-да Ломов көшесінде МАЗ кран көлігі полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Аталған көлік құралы полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын елемей, қозғалысын жалғастырды. Бірнеше апат жасап, салдарынан патрульдік полицияның төрт қызметтік көлігі мен Toyota Avalon зардап шекті.

Ол Кіші айналма көшесінде ұсталды, автокөлікті басқара алмай, көлікті аударған.

1999 жылы туған жүргізуші - Павлодар қаласының тұрғыны. Медициналық куәландыру оның мас күйінде болғанын растады.

«Жүргізушінің көлікті ұрлағаны анықталды, жүргізуші куәлігі болмаған. ҚК 200-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 608 -бабы 6-бөлімі, 611-бабы 2-бөлімі, 613-бабы 3-бөлімінің 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар сотта қаралады», - деп жазды ведомстводан.

Павлодар облысының ПД қызметтік автокөлікке келтірілген материалдық залалды өтеу туралы азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар
Референдум