Павлодарда Мәжіліс депутаттары бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлия Сапарова, Құралай Қаракен, Серік Құсайынов, Сәкен Өтебаев және Наринэ Микаеляннің Павлодар облысы бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен кездесуі өтті.

Павлодарда Мәжіліс депутаттары бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Күн тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Отырыс модераторы, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко өз сөзінде Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларының аса маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс депутаты Сәкен Өтебаев жиынға қатысушыларға Президент бастамаларының басым бағыттарын түсіндіріп, павлодарлықтардың жиі қоятын сауалдарын санамалап берді.

null 

 - Қазір бұл құжаттарды талқылау белсенді түрде жүріп жатыр. Айдың соңына дейін барлық ұсыныстарды тыңдауымыз керек. Билік өкілеттіктерінің бөлісінен кейін оларды теріс пайдаланушылықтар қылаң бермей ме деп сұрайды кейбір адамдар. Бұған айтарым, Парламент пен Үкімет өкілеттіктері өте нақты, әрі анық жазылған. Сондықтан ешбір теріс пайдаланушылықтар мүмкін емес, - деп жауап қайырды Мәжіліс депутаты.

Сонымен бірге, халық қалаулылары партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, онда қарапайым павлодарлықтардың мұң-мұқтаждарымен танысты. Мәселен, «RedZone» ҚБ төрағасы Константин Музалевский В санатындағы жүргізушілердің автомектептерде міндетті оқытылуы жөнінде сауал қозғады. Оның сөзіне қарағанда, бұл жол жүрудің қауіпсіздігі мен мәдениетін арттыруға септігін тигізеді. Мәжіліс депутаттары қоғам белсендісіне бұл мәселені парламенттік комиссиялар отырыстарында талқылауға уәде берді.